Tarlan Astana станциясында қала тарихына арналған фотоқұжаттар көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Tarlan Astana) «Бәйтерек» станциясында «Тарихтан тағылым, бүгінге тағзым, болашаққа бағдар» фотоқұжаттар көрмесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көрменің басты мақсаты – архив қорларында сақталған тарихи құжаттар мен фотоматериалдар арқылы Астана қаласының қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен таныстыру, елорда тарихына деген қызығушылықты арттыру және тарихи мұраны насихаттау.

«Көрме барысында Астана қаласының өткені мен бүгінін, болашағын қамтитын тарихи құжаттар мен фотоматериалдар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында «Тарихтан тағылым», «Бүгінге тағзым», «Болашаққа бағдар» атты тақырыптық бөлімдер бойынша Астана қаласының қалыптасу тарихы, елорданың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, сондай-ақ қаланың заманауи келбеті мен болашақ даму бағыттары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қазақтың белгілі композиторы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» және «Айналдым, елім» әні орындалды. Осындай қуатты әндер шырқалғаны елордалық ағайынға жақсы әсер етті», – дейді Астана қаласы Мемлекеттік архиві басшысының міндетін атқарушы Ардақ Мұқашева.

Фотоқұжаттар көрмесі келушілердің қызығушылығын тудырды. Мұнда елорда тарихы архив құжаттары арқылы дәріптеліп, өткен мен бүгінгі күнді сабақтастырған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1276922?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version