26-29 шілде аралығында Бірлік ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында Киров көшесінде шөп шабу жұмыстары жүргізіліп, сауда орталығы аумағындағы ағаш бұтақтарына санитарлық кесу жұмыстары жасалды.
Аталған жұмыстар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтау, қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту және округ тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Акция тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған өлкені абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1276820?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау