Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 тамызда мәслихат төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлының төрағалығымен Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті. Сессияға Жаңасемей ауданының әкімі Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессия барысында мәслихат депутаттары күн тәртібіне енгізілген бірқатар келесідей маңызды мәселелерді қарады:

  1. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №10/51-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №6/21-VIII «Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Осы мәселе бойынша Жаңасемей аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңадан енгізілетін құрамы таныстырылды.
  3. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №10/53-VIII «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұл өзгерістер ауданның учаскелік сайлау комиссиясының алдағы жұмысқа толық дайындығын қамтамасыз етеді.
  4. Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №19/199-VIII «Жаңасемей аудандық жер комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №23/275-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия барысында барлық сұрақтар талқыланып, күн тәртібі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1276888?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version