Жас офицерлер: білімнен тәжірибеге

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу орталығында биыл әскери оқу орындарын тәмамдаған 13 лейтенанттың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Жас офицерлер лауазымға тағайындалмас алған білімдерін бекітіп, әскери қызмет жағдайына бейімделуге бағытталған практикалық даярлықтан өтеді.

Оқу бағдарламасына атыс, инженерлік және тактикалық даярлық, әскери медицина негіздері, қаржылық сауаттылық, сондай-ақ әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыру мәселелері енгізілген. Практикалық сабақтар әскери қызмет жағдайына барынша жақындатылған ортада өткізіледі. Бұл жас офицерлердің жағдайды дұрыс бағалау, жедел шешім қабылдау және бөлімше құрамында өзара тиімді іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

– Оқу-жаттығу жиыны алған білімімізді іс жүзінде қолдануға және дербес қызметке дайындалуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мұнда біз сенімді шешім қабылдауды, жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауды үйренудеміз, – деді лейтенант Тамерлан Мұқан.

Жиын барысында жас офицерлердің командирлік қабілетін дамытуға, бастамашылдығы мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ түрлі жағдайларда үйлесімді әрекет етуіне ерекше көңіл бөлінетін болады. Бірлескен оқу тапсырмаларын орындау арқылы лейтенанттар жеке құрамды басқару мен бөлімше ішіндегі өзара іс-қимылдың алғашқы практикалық тәжірибесін жинақтай алады.

– Жас офицерлерден жоғары ынта мен бастамашылдық байқалады. Олар оқу тапсырмаларын ойдағыдай орындай алды. Бәрі де алдағы қызмет орындарында өздеріне жүктелетін міндеттерді атқаруға дайын, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Серік Рамазанов.

Оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң жас лейтенанттар «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде қызметін бастайды. Жиын барысында алған теориялық білімдері мен практикалық тәжірибесі жас офицерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына берік негіз болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1276267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version