Абай облысының прокуратурасы инвестор үшін әкімшілік кедергіні жойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      «Invest Caravan» республикалық акциясы аясында Абай облысының прокуратурасы арнайы қорғаныш аяқ киімін өндіруге арналған өндірістік-қойма кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «Техноавиа-Қазақстан» ЖШС-нің құқықтарын қорғады.

      Инвестор инженерлік инфрақұрылымға қосыла алмады, себебі аяқталған кәріз желісі ұзақ уақыт бойы Семей қаласы әкімдігі тарапынан коммуналдық кәсіпорынның теңгеріміне берілмеген.

      Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәріз желісі коммуналдық кәсіпорынның теңгеріміне беріліп, содан кейін инвесторға су бұру жүйесіне қосылуға рұқсат берілді.

      Прокуратураның араласуы нәтижесінде әкімшілік кедергі жойылып, инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға мүмкіндік жасалды.

      Жіберілген заң бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

      Инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жедел жою прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

      Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторлар +7 707 144 00 16 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласа алатынын хабарлайды.

                                                                                                                      Абай облысының прокуратурасы

#Әділдік

#Заңүстемдігі                            

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1277484?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version