Астана циркінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында экскурсия ұйымдастырылып, балалар атпен серуендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осының негізінде балалар Цирк әлемнің ішкі үдерісін көріп, керемет әсерге бөленді. Басты мақсат – балаларды қуантып, қоғамға бейімдеп, елдің болашағы бүгінгі жас ұрпақты қолдап һәм қуаттап, дем беру.
«Біз циркке өз тарапымыздан 20 баланы алып келдік. Олар экскурсия жасап, цирк өмірінің тыныс-тіршілігін ұғынып, арнайы өнер көрсетуге бапталған жануарлармен танысып мәз-майрам болды.
Қайырымдылық мақсатында мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл бақытты болашаққа жасалып жатқан игі қадам деп есептейміз», – «Бақытты Шаңырақ» қорының өкілі Марина Ахмедшина.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1277703?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау