Аягөз ауданында жастар арасында садақ атудан дәстүрлі сайыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық жастар күні және Спорт күні қарсаңында Аягөз ауданында жастар арасында садақ атудан дәстүрлі сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Аягөз ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен сайысқа өңір жастары белсенді қатысып, мергендік пен шеберліктерін сынға салды. Жарыс ерлер және қыздар арасында жеке санаттар бойынша өткізіліп, қатысушылар өзара үздіктерді анықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1277251?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version