ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға төрт азамат жүгінді: үшеуі – офлайн форматта, біреуі – онлайн форматта.
Өтініш білдірушілер онкологиялық көмек көрсету, мүгедектікті белгілеу, операциядан кейінгі оңалту, күрделі диагнозы бар баланы емдеу, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүгінді.
Өтініш білдірушілердің бірі мәселе көтеріп қана қоймай, туысының онкологиялық ауруын емдеген дәрігерлерге алғысын да білдірді. Сонымен қатар одан әрі пысықтауды қажет ететін мәселелер де көтерілді.
Министр әрбір өтініш білдірушіні мұқият тыңдап, түсініктемелер берді және азаматтардың өтініштерін жедел қарауды жауапты құрылымдарға тапсырды.
Мұндай қабылдаулар азаматтардан кері байланыс алуға ғана емес, сонымен қатар жүйелі шешімді қажет ететін мәселелерді сол жерде анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1277711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version