Үстіміздегі жылдың 18 тамыз күні Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес Кентау қаласында жиын өтті.
Жиынға Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы Биділдә Ербол Серікбайұлы, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, Кентау қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Әбдіманатұлы Андосов, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Кентау қаласында орналасқан жеке меншік мектеп, балабақша басшылары, жеке кәсіп иелері және білім беру саласының өкілдері қатысты.
Жиын барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы еңбек қатынастары саласындағы міндетті сақтандырудың маңыздылығы, жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес міндеттері, қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптары мен оны сақтамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік мәселелері туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1277047?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау