МӘС шешімімен келіспейсіз бе? Оған шағымдануға бола ма?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азамат медициналық-әлеуметтік сараптаманың шешімімен келіспеген жағдайда не істеу керек?

МӘС шешімімен келіспейсіз бе? Оған шағымдануға бола ма?
Иә. Әрбір азамат МӘС-тің сараптамалық қорытындысына шағымдануға құқылы.

Кім шағым бере алады?
Азамат немесе оның заңды өкілі МӘС-тің сараптамалық қорытындысына шағым бере алады.

Шағымды қайда беруге болады?
Шағым қағаз түрінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне немесе электрондық түрде барлық өтініштерді қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы — e-Otinish арқылы беріледі.

Шағым беру мерзімі қандай?
Шағым сараптамалық қорытынды алынған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.

Шағым қанша уақыт ішінде қаралады?
Шағым ол тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Егер куәландыру бетпе-бет форматта жүргізілсе не болады?
Егер куәландыру бетпе-бет форматта жүргізілсе, азамат әдіснама және бақылау бөлімінің кеңейтілген отырысына шақырылады. Аталған бөлімнің міндетіне МӘС-тің бастапқы бөлімдері қабылдаған шешімдердің дұрыстығын бақылау кіреді.
Азамат өзімен бірге қолындағы бар медициналық құжаттарды алып келуі қажет.

Ал егер куәландыру сырттай-проактивті форматта жүргізілсе ше?
Егер куәландыру сырттай-проактивті форматта жүргізілсе, медициналық құжаттар бастапқы МӘС бөлімдері қабылдаған шешімдердің дұрыстығын бақылау функциясы жүктелген басқа Департаменттің МӘС әдіснама және бақылау жөніндегі экстерриториялық бөліміне қарау үшін жолданады.
Құжаттар сырттай форматта қаралады.

Егер азамат шағымды қарау нәтижесімен келіспесе не істеу керек?
Егер азамат МӘС шешімімен келіспей, белгіленген тәртіппен шағымдану рәсімінен өткен болса, алайда шағымды қарау нәтижесінде бұрын қабылданған шешім өзгеріссіз қалдырылса, азамат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне үш ай ішінде жүгінуге құқылы.

Егер азамат Комитеттің шешімімен келіспесе не істеу керек?
Комитеттің шешімімен келіспеген жағдайда, азамат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1277114?lang=ru

Exit mobile version