Мектеп формасына қойылатын талаптар
Мектеп формасы — бұл жай ғана мектептің киім үлгісі емес, бала күн сайын 6–8 сағат бойы киіп жүретін киім. Сондықтан оны сатып алу кезінде тек сыртқы келбетіне ғана емес, оқушының денсаулығына да назар аудару маңызды.
Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 007/2011 техникалық регламентіне сәйкес, мектеп формасы 2-қабат бұйымдарына жатады (терімен жанасуы шектеулі). Оған ауа өткізгіштік, ылғал сіңіргіштік және материалдардың қауіпсіздік деңгейі бойынша қатаң талаптар қойылады.
Ата-аналарға арналған мектеп формасын таңдау бойынша жадынама:
1) Шикізат құрамы және ылғал сіңіргіштік. Материал «тыныс алатын» және ылғалды жақсы сіңіретін болуы керек. Ылғал сіңіргіштігі төмен синтетикалық маталар жылу реттелуін бұзып, ағзаның қызып кетуіне, шамадан тыс терлеуге әкелуі және тері немесе суық тию ауруларының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
2) Міндетті таңбалау. Жапсырмада, заттаңбада немесе қаптамада орыс тілінде (немесе мемлекеттік тілде) мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
– Өндіруші ел, өндірушінің атауы және мекенжайы.
– Бұйымның түрі және оның нақты құрамы (сыртқы матасы мен астарының құрамындағы табиғи және химиялық талшықтардың пайыздық арақатынасы).
– Бұйымның өлшемі және күтім жасау жөніндегі ұсынымдар.
– Нарықтағы айналымның бірыңғай белгісі (EAC).
Мектеп киімін таңдағанда қауіпсіздік стандарттарына сәйкес сертификатталған сапалы материалдарға басымдық беріңіз.
Талаптардың толық тізімімен Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 007/2011 техникалық регламентінің мәтінінен танысуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1277649?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау