Қауіпсіздік шекарасын кеңейту: Қазақстан мен Сауд Арабиясы төтенше жағдайлар саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтермек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төтенше жағдайлар министрлігінде Сауд Арабиясы Корольдігінің «Reda Hazard Control» компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Жалпы тарихы 1986 жылдан бастау алатын «Reda Hazard Control» ұйымы бүкіл әлем бойынша әр түрлі салаларға арналған өнімдер, инженерлік жүйелер мен мамандандырылған қызмет түрлерін ұсынады.

Тараптар өзара іс-қимылды нығайтудың перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт сөндіру техникасын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылады. Іс-шара аясында компанияның әлеуетін таныстыратын арнайы презентация ұйымдастырылды. Онда апаттық-құтқару жабдықтары, компрессорлық қондырғылар, тыныс алу аппараттары және заманауи мамандандырылған техникалар таныстырылды.

Аталған кездесуге Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Келіссөз қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі тығыз байланыс орнатуға және нақты бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1277693?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version