Құрмансай ауылында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрмансай ауылында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Құрмансай ауылында ауыл ішіндегі көшелердің бойында өсіп кеткен арамшөптерді шабу және елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға СПК “Нұрлан-Қаракөз” тарапынан демеушілік көмек көрсетіліп, арнайы техника бөлінді. Демеушілік қолдаудың арқасында ауыл ішіндегі көше бойларында, қоғамдық орындарға жақын аумақтарда және арамшөп басқан жерлерде шөп шабу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл аумағы тазартылып, көшелердің көркі жақсарып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-kurmansay/press/news/details/1277465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version