Құрметті тұтынушылар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті тұтынушылар! «QazaqGaz Aimaq» АҚ Aqyl Energy жобасын іске асыруда. Жоба аясында тұрғындардың газ есептегіштері кезең-кезеңімен жаңа смарт-есептегіштерге ауыстырылып жатыр.
Жаңа есептегіштер газ шығынын дәл есептейді және көрсеткіштерді автоматты түрде жібереді. Соның арқасында газды пайдалану қауіпсіздігі артып, есепке алу жүйесі ыңғайлырақ болады.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, тұрмыстық тұтынушылардың газ есептегіштерін ауыстыру тегін жүргізіледі. Есептегішті сатып алу, орнату, қызмет көрсету және міндетті тексеру шығындарын «QazaqGaz Aimaq» АҚ көтереді.
Тұрғындардың назарына:
Газ есептегішті ауыстыру шамамен 30 минутқа созылады;
ескі есептегіш өз иесіне қайтарылады;
жаңа есептегішке жауапты сақтау туралы келісім жасалады;
қажет болса, дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі;
мамандардың жұмыс істеуі үшін есептегіш тұрған жерге еркін кіруге мүмкіндік беру қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1277530?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version