🔰Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Б. Кенжебаев және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қызметкер А. Аткиевпен Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өтті.
🔰Кездесу барысында Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы оқыту өткізәлді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жан-жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түрлері мен құқықтық салдарлары туралы ақпарат жеткізілді.
Іс-шара аясында әдеп уәкілі ашық есік күніне азаматтарды қабылдап, сұрақтарына мардымды жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1277419?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау