ҚР ДСМ 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына сәйкес тәуелсіз сараптау комиссиясы (ТСК) пациенттің өмірі мен денсаулығына медициналық қызмет нәтижесінде зиян келтірілгенін немесе келтірілмегенін анықтау үшін құрылады.
ТСК құруға пациенттің, оның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы берген өтініші негіз болып табылады.
Сараптау нәтижелері бойынша ТСК-ның пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындысы рәсімделеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1277204?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау