Түркістан облысында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында педагогтердің тамыз конференциясы өтті.
Конференция тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған стратегиялық бағдарларға негізделген. Елімізде білім сапасын арттыруға, адами капиталды дамытуға, ғылым мен инновацияларды қолдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты берік адамгершілік және азаматтық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған Президенттің тапсырмалары мен бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттыру, білім беру үдерістеріне жасанды интеллектіні енгізу және басқа да стратегиялық міндеттерді іске асыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменованың бейнеүндеуі тыңдалды. Министр өз сөзінде білім беру жүйесін одан әрі дамытудың өзекті міндеттері мен басым бағыттарына тоқталды. Педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, еңбектеріне табыс тілеп, жаңа оқу жылын сәтті бастауға ізгі тілегін білдірді.
Аталған басымдықтар білім беру бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісінде нақты көрініс табуда. Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары білім алушылардың азаматтық ұстанымын және патриотизмін, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуін, заңдылық пен әділеттілікті сақтауын, жауапкершілік пен еңбекқорлықты, білімге, ғылыми ізденіске және инновацияларға ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру жүйесі адами капиталды дамытуда және мемлекет пен қоғамның дамуына жауапкершілікпен үлес қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Конференция барысында жаңа оқу жылындағы басым міндеттер, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі Н.О.Көшеров саланың үздік өкілдеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгі табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1277654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау