Түркістанда полиция мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дайындығы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысының полиция департаментінде қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауысуына байланысты жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексеру мақсатында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық саптық байқауы өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров, ҚР ІІМ әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаментінің бастығы Алмас Амзеев, департамент басшылығы, аппарат және аумақтық полиция бөлімшелерінің қызмет басшылары қатысты.
Саптық байқау барысында жеке құрамның сыртқы келбеті, нысанды киім үлгісінің талапқа сәйкестігі, қызметтік жетондары мен куәліктерінің болуы, саптық даярлығы, сондай-ақ қызметтік автокөліктердің дайындығы тексерілді. Сонымен қатар жеке құрамға жедел жағдай туралы ақпарат жеткізіліп, қызметтік бағыт-бағдар берілді және нақты міндеттер айқындалды.
Ведомство басшысы Арыстанғани Заппаров жеке құрамның жоғары деңгейдегі тәртібі, ұйымшылдығы мен тұрақты дайындығы қызметтік міндеттерді тиімді орындаудың маңызды негізі екенін атап өтті.
Гарнизондық саптық байқау қызметтік және саптық даярлық деңгейін арттыру, ішкі тәртіпті нығайту, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындауға жеке құрамның әзірлігін тексеру мақсатында тұрақты түрде өткізіледі. Іс-шара соңында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер салтанатты шерумен жүріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1277701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version