ТҮРКІСТАНДА ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау және тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Осы мақсатта қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге жарамды шикізатты өндірістік айналымға енгізу көзделіп отыр.
Бүгін қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында полигонды дамыту және қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесін енгізу жобасы таныстырылды.
Жобаға сәйкес, «Turan Tazalyq» ЖШС 17 гектар аумақта заманауи сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыруды жоспарлап отыр. Арнайы технологиялық желілер арқылы пластик, қағаз, картон, металл және басқа да қайта өңдеуге жарамды қалдықтар сұрыпталып, әрі қарай өңдеуге жіберілмек.
Жобаның іске асуы полигонға түсетін қалдық көлемін азайтып, қайта өңделетін шикізат үлесін арттыруға және қоршаған ортаға түсетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалада қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға жол ашады.
-Түркістан – таза әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қала болуы керек. Сондықтан қалдықтарды басқаруда заманауи технологияларды енгізіп, қайта өңдеу үлесін арттырумен қатар барлық мәселелерін жан-жақты ескеру аса маңызды. Жоба экологиялық талаптарға толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс», – деп атап өтті шаһар басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1277005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version