Ауданға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры Қайрат Бодаухан, Токио ауыл шаруашылығы университетінің профессоры, доктор Шунжи Оники және Моңғолия ауыл шаруашылығы өмір ғылымдары университетінің докторы Кадирбек Дагыс іссапармен келді.
Ғалымдар алдымен аудан әкімі Саят Қабиденұлымен кездесіп, сапар мақсаттарын таныстырды. Негізгі мақсат – көшпелі мал шаруашылығының даму үрдістерін, жайылымдарды тиімді басқару тәжірибесін зерделеу және Қазақстан мен Жапония арасындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту.
Сапар барысында зерттеушілер бірқатар ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Бұл бастама аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жол ашпақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1277304?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау