ҚР ІІМ “Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар” жобасы аясында “Зерделі ұлт” – “Ардагер сыйға тартқан кітап” акциясы ұйымдастырылып жатыр.
Осы бастама аясында Жамбыл облысы полиция департаментінде ақын Ж.Жабаевтың 180 жылдығына арналған “Жамбылдың жыр керуені” атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп өткізілді. Көрме барысында жыр алыбының шығармашылығы мен әдеби мұрасы кеңінен таныстырылып, ақынның құнды және сирек басылымдары, таңдаулы шығармалары ұсынылды.
Кездесудің маңызды бөлігі – департаменттің кітап қорын толықтыру болды. Ішкі істер органдарының ардагерлері жас мамандарға қызмет барысында, оның ішінде қылмыстық істерді тергеу кезінде қажет болатын құнды кәсіби әдебиеттерді сыйға тартты.
Бұл бастама – аға буынның өнегесі мен тәжірибесін жас мамандарға жеткізіп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1277389?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау