Прага қ., 2026 ж. 19 тамыз – Прагада Қазақстан дипломаттарының Чехияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандық азаматтармен кездесуі өтті. Ашық пікір алмасу барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері, оның ішінде конституциялық реформаның іске асырылу барысы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жаңа жоғары өкілді орган – Құрылтайды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде саяси жүйені одан әрі дамытуға, өкілді институттарды нығайтуға және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қатысушыларға алдағы Құрылтай сайлауы және оның конституциялық өзгерістерді одан әрі іске асырудағы маңызы туралы ақпарат берілді.
Жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне де ерекше мән берілді. Елшілік өкілдері шетелде жүрген Қазақстан азаматтарын сайлауға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1277732?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау