ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН ӨНДІРІП АЛУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚠️ Егер жеке тұлға салық берешегін белгіленген мерзімде өтемесе, мемлекеттік кірістер органы заңнамада көзделген өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы.

💰 Өндіріп алу қашан қолданылады?

Жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 1 АЕК-тен асатын берешек болған жағдайда жүзеге асырылады.

📌 Бұл ретте жеке тұлғаның салық берешегіне жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның кәсіпкерлік қызметке немесе жеке практикаға байланысты емес салық міндеттемелері бойынша берешегі де жатады.

📩 Өндіріп алу қалай жүзеге асырылады?

1️⃣ Алдымен жеке тұлғаға салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

2️⃣ Егер берешек белгіленген мерзімде өтелмесе, мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.

3️⃣ Салық бұйрығын орындау үшін оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күні беріледі.

4️⃣ Егер салық бұйрығы орындалмаса, ол аумақтық тиістілігі бойынша тиісті әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындау үшін жіберіледі.

⚖️ Әрі қарай өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

✅ Салық бұйрығы қашан жойылады?

Салық бұйрығы мынадай жағдайларда жойылады:

🔹 жеке тұлға салық берешегін толық өтеген кезде;

🔹 салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған жағдайда;

🔹 жеке тұлғаға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған жағдайда;

🔹 жеке тұлғаға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайда.

💡 Маңызды! Салықтарды уақтылы төлеу өндіріп алу шаралары мен мәжбүрлеп орындауға байланысты қосымша рәсімдердің қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

📲 Салық берешегінің бар-жоғын тексеріп, салық міндеттемелеріңізді уақытылы орындаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1277249?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version