Мемлекет басшысының бүкіл ауқымды жұмыстардың барлығы өскелең ұрпақтың жарқын болашағына бағытталғаны туралы сөзі ерекше мәнге ие. Елдің болашағы бүгінгі таңда балалар мен жастарға қандай мүмкіндіктер жасап отырғанымызға тікелей байланысты. Білім беруді, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні, ғылым мен инновацияларды дамыту – адам капиталына және Қазақстанның тұрақты дамуына салынған инвестиция.
Әрбір баланың сапалы білім алуға, өз талантын ашуға және әлеуетін толық жүзеге асыруға тең мүмкіндігі болуы маңызды. Жас ұрпаққа лайықты жағдай жасай отырып, біз еліміздің мықты, заманауи әрі табысты болашағын қалыптастырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1277635?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау