«Абай оқулары» облыстық байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы заманауи форматта насихаттау, шығармашылығын дәріптеу, шығармашылық бастамаларды қолдау және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға қатысушылардың жұмыстары 2026 жылғы 15 маусым мен 25 шілде аралығында қабылданды. Байқау қашықтық форматта өткізіліп, оған облыстың қала және аудан жастары қатысты. Қатысушылар «Абай әлемі» тақырыбында Абайдың қара сөздері мен шығармаларынан үзінділерді жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып көркем бейнеролик форматында ұсынды.

Байқау ережесіне сәйкес ұсынылған бейнероликтер Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып, белгіленген мерзімде ұйымдастырушының электрондық поштасына жолданды.

Қатысушылардың жұмыстары тақырыптың ашылуы, Абай мұрасын насихаттау деңгейі, жасанды интеллект құралдарын шығармашылық тұрғыда тиімді қолдануы, көркемдік шешімі, техникалық сапасы және жалпы әсері бойынша бағаланды.

Ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасы жан-жақты қарап, байқау талаптарына сәйкес бағалау жүргізді. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

1-орын иегері – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №74 мекемесінің кітапханашысы Есқалиева Гүлдана Сатымқызы;

2-орын иегері – БҚО Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Гарифуллина Алима Байғалиқызы;

3-орын иегерлері – Байтерек ауданы ОКЖ Октябрь ауылдық кітапхана кітапханашысы Хайруллина Гүлсезім Құрманғазықызы және Сырым ауданы, Жымпиты ауылы Сырым колледжінің студенті Ғайса Бекжан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/1276413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version