19 тамыз күні Алдабергенов ауылдық округінің әкімі мекеме басшыларымен кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, терроризм фактілерінің алдын алу, құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, жиында әрбір мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету бұрышының болуы және оның талапқа сай ұйымдастырылуы жөнінде айтылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің 5 негізгі түріне жеке-жеке тоқталып, оларды сапалы әрі уақытылы ұсыну, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау жөнінде мекеме басшыларына тиісті түсіндірмелер берілді.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1277931?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау