Алматы қаласы бойынша өкілдік ҚАЖД-ға қарасты №13 мекемесіне мониторингтік баруды жүзеге асырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша өкілдік ҚАЖД-ға қарасты №13 мекемесіне мониторингтік баруды жүзеге асырды.
Барудың барысында мекеме жұмысының ұйымдастырылуы, адамдарды ұстау жағдайлары, санитариялық-тұрмыстық ахуалы, белгіленген талаптардың сақталуы, сондай-ақ медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету және өтініштер мен шағымдарды беру тетіктері зерделенді.
Сонымен қатар, бару барысында мекеме басшылығымен бірлесіп, мекемеде ұсталатын адамдардың жеке қабылдауы өткізілді. Қабылдау барысында оларды қызықтырған мәселелер қаралып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсініктемелер берілді, сондай-ақ өз құқықтарын заңнамада белгіленген тәртіппен қорғау және өтініш жасау тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1277886?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version