Ақтау қаласы полиция басқармасында салтанатты саптық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы Полиция басқармасында қызметтік тәртіпті нығайту, жеке құрамның күнделікті қызмет атқаруға дайындығын арттыру және сыртқы келбетке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында салтанатты саптық жиын өткізілді.

Жиынға Ақтау қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Е. Сафиулин, басқарма бастығының орынбасарлары және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Саптық жиын барысында полиция қызметкерлерінің қызметтік жабдықтары, нысанды киім үлгісінің белгіленген талаптарға сәйкестігі, сыртқы келбеті, қызметтік құжаттарының болуы және қызмет атқаруға дайындығы тексерілді.

Сонымен қатар қызметкерлердің саптық тәртібі мен ішкі тәртіп талаптарын сақтауына, нысанды киімді белгіленген тәртіпке сәйкес киюіне және қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындауына ерекше назар аударылды.

Басқарма басшылығы полиция қызметкерінің сыртқы келбеті мен тәртібі оның кәсіби мәдениетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті. Қызметтік міндеттерді атқару барысында әрбір қызметкер белгіленген тәртіп пен талаптарды мүлтіксіз сақтап, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен жоғары жауапкершілік танытуы тиіс екені ескертілді.

Жиын барысында қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, қызметтік міндеттерді сапалы орындау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне нысанды киім үлгісін ұқыпты ұстау, белгіленген талаптарға сәйкес кию және қызметтік жабдықтардың жарамдылығын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.

Тексеру қорытындысы бойынша жеке құрамға анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта белгіленген талаптарды қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Мұндай саптық жиындар полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтып, жеке құрамның жауапкершілігін арттыруға және халыққа сапалы қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қызметтік тәртіп пен жоғары жауапкершілік – полиция қызметінің басты талаптарының бірі.

https://www.instagram.com/reel/DcQd-78Kopy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1277508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version