Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.К. Джапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. «Бурабай ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен тұрғын үй қорының жылыту маусымына дайындығының барысы туралы»;
  2. «Бурабай ауданы бойынша білім беру ұйымдарында жылыту маусымын ұйымдастыру және өткізу туралы»;
  3. «Бурабай ауданындағы жолаушылар тасымалының жай-күйі мен оны дамыту перспективалары туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі туралы».

Әрбір қаралған мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараты тыңдалды. Талқылау барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы жылыту маусымына объектілердің дайындығына, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аудандағы жолаушылар тасымалының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен толық жауаптар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қаулысы қабылданып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1277480?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version