Май ауданында әлеуметтік нысандардың халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Осылайша, биылғы жылдың өткен кезеңінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауылдық округтерге 4 рет барды, 38 әлеуметтік нысан басшысына мүгедектер үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді. Алдағы маңызды саяси оқиға – Республика Құрылтайына депутаттар сайлауына байланысты бұл бағыттағы жұмыс қазіргі уақытта ерекше күшейтілуде. Сайлау процесінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және мүгедектердің сайлауға толық қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасауға басымдық беріледі. Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелері көру және есту қабілеті бұзылған азаматтардың, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар басқа да санаттағы адамдардың дауыс беруге өз бетінше қатысуы үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1277914?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау