Ел бірлігі – барлық бастамалардың тірегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ел бірлігі – барлық бастамалардың тірегі
Жыл жарымынан ауды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар ірі жоба бастау алды. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар да нәтижесіз емес. Әйтсе де алда тұрған ауқымды міндеттер бар.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев сол міндеттер мен қолға алған бастамалар туралы облыстық «Сыр бойы» және «Кызыл­ордин­ские вести» газет­терінің бас редак­тор­ларымен сұхбат барысында кеңірек баяндады.
«Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршынкент қала­лары­ның орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өрке­ниеті болғанын аңғартады. Қы­зылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша», – деген Мемлекет бас­шы­сы Ұлттық құрылтайда облыс­тың қазіргі жарқын жетістіктері туралы да дәйекті мысалдар кел­тіргенін білесіздер. Прези­дентіміз жиында Қызылорда облысының даму бары­сына тоқталып, сол кезеңдегі облыс басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевқа ризашы­лығын білдірді.
Мемлекет басшысы айрықша атап өткендей, шынайы еңбектің шыңына шыққан тұлғалар да осы өңірдің мақтанышы саналады. Сол жолды лайықты жалғастыру әр­біріміз үшін сын екенін де ұмытпаған жөн деп ойлаймын.
Одан беріде мемлекет дамуының нақты бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат – Қа­зақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Пре­зидентіміз алдағы 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін үлкен науқандарда ауызбірліктің үлгісін көрсетіп келген Сыр халқы осы саяси науқанда да азаматтық ұстанымдарын танытып, белсенділік көрсетеді деп сенемін.
Энергетика саласында «Самрұқ-Энерго» және Қатардың UCC Holding компанияларымен қуаты 1,1 ГВт болатын бу-газ қон­дырғысы электр станциясын салу, сондай-ақ испандық «Roca group» компаниясымен санитарлық-тех­никалық бұйымдар өндіретін жо­ғары технологиялық зауыт салу жобалары бойынша құрылыс жұ­мыстарын бастау жоспарлануда.
Айта берсек, бүгінгі қоғам жастарына бағытталған игіліктер аз емес. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында да жас ұрпақтың бойында асыл қасиеттерді дамытуға барынша жағдай жа­салуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1277527?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version