Еңбек заңнамасының сақталуы – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары өңірдегі кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталу мәселелерін талқылауда.

Кездесулер барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс режимін сақтау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіріп, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюдың маңыздылығын атап өтуде. Сонымен қатар, қызметкерлерге өздерінің еңбек құқықтарын білу және олар бұзылған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен қорғау мүмкіндіктері түсіндірілуде.

Еңбек заңнамасын сақтау – жұмыс берушінің міндеті ғана емес, еңбек ұжымында тұрақты әрі қауіпсіз жағдай қалыптастырудың маңызды кепілі. Осындай түсіндіру жұмыстары еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1278143?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version