КӘСІБИ СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында кәсіби спорт күніне орай спорт мектептерінің қызметкерлері арасында аудандық спартакиада өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, спорттың маңыздылығына тоқталды. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ақділда Диханбай сөз сөйлеп, спорт саласының қызметкерлеріне ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, ауданның спорт саласының дамуына үлес қосқан спорт ардагерлері Алиев Низами, Бердібаев Айбол және Шайхисламов Тастанбек және Ақділда Диханбай марапатталды.

🔰Аудандық спартакиадаға 6 команда, 80 ге жуық қатысушы қатысты. Қатысушылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынасып, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық ұйымшылдықтарын көрсетті. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1 -орынды Жайылма ауылы, 2 – ші орынды «Бұқаралық спорт» командасы және 3 – ші орынды Саудакент ауылы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар, медальдармен мен бағалы сыйлықтар тапсырылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1276431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version