Көкшетауда жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің төрағалығымен қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтіп, 2026–2027 жаңа оқу жылына және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Білім беру ұйымдарының дайындығына ерекше назар аударылды. Биыл №12 және №16 мектептерді күрделі жөндеуге 1,56 млрд теңге бөлінді. Бұл – қаланың білім беру саласына бағытталған ірі қаржыландыру көлемдерінің бірі. Сонымен қатар оқу кабинеттері жаңартылып, оқулықтар сатып алынуда және инклюзивті білім беруге қажетті жағдайлар жасалуда.

Кеңес барысында қаланы жылыту маусымына кешенді дайындау мәселелері де талқыланды. Бүгінгі таңда нысандардың дайындық деңгейі 73,2%-ды құрайды. Қазандық жабдықтары мен жылу желілерін жөндеу жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ қажетті отын қоры қалыптастырылуда.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға барлық жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, нысандардың жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1277788?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version