МӘЛІМЕТ САҒАТЫ – «Медициналық- әлеуметтік сараптаманы жүргізу негіздері» туралы.
Абдугаппаров Шухрат – №3 Медициналық-әлеуметтік сараптаманың бөлімінің бас маманы.
Көрсетілетін қызметті алушының “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректер және “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімі және медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:
1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;
2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
5. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
Мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген күннен бастап екі айдан кейін, МӘС-ға жіберіледі.
“Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін организм функцияларының бұзылуымен кәсіптік аурулар кезінде медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.
6. Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) жібереді.
7. Адамдарды МӘС-ке жіберу кезінде медициналық есепке алу құжаттамасын ресімдеудің, медициналық тексеріп-қарау толықтығын, көлемін, негізділігін, мерзімдері мен сапасын бақылауды жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1277136?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау