Мақсат – хаттама емес, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз! 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18–21 тамыз аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осыған байланысты Шымкент қаласының көшелерінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жол жүрісі ережелерін сақтау бойынша ақпараттық жадынамалар таратты.

Басты мақсат – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондықтан әр жүргізуші мен жаяу жүргіншіні жолдағы жауапкершілікке бейжай қарамауға шақырамыз.

Жол жүрісі ережелерін сақтайық! Қауіпсіздік – хаттама үшін емес, ең алдымен өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығы үшін қажет. 

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1276641?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version