МАСТЕР ИСКУССТВА — НА РОДНОЙ ЗЕМЛЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🎨 ӨНЕРДІҢ ӨРЕНІ — ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

Құрмансай ауылында Шаңды ауылының тумасы, Қазақстанның белгілі суретшісі-графигі, экслибрист, өнертанушы, профессор Мәрзия Жұмашқызы Жақсығаринамен тағылымды кездесу өтті.

Мәрзия Жұмашқызы — қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, графика мен экслибрис өнерінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан талантты жерлесіміз. Ол 1961 жылы 1 сәуірде Шаңды ауылында дүниеге келген. Бүгінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры.

🎨 Құрмансай ауылындағы кездесуде өнер иесі өзінің шығармашылық жолы мен өнердегі ізденістері туралы әңгімелеп, көрермендерге бірегей туындыларын таныстырды. Ауыл тұрғындары суретшінің еңбектерімен танысып, шығармаларының мазмұны мен ерекшеліктері жайында сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Мәрзия Жұмашқызының шығармалары халықаралық көрмелерде таныстырылып, өнер әлемінде жоғары бағасын алған. Туған жерден түлеп ұшып, биік белестерді бағындырған жерлесіміздің шығармашылық жолы — кейінгі ұрпаққа үлгі, ауылдастары үшін үлкен мақтаныш.

Құрмансай ауылының төрінде өткен тағылымды жүздесу — өнер мен туған жер арасындағы рухани байланыстың жарқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-kurmansay/press/news/details/1277450?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version