ӨНДІРІС ҚУАТЫ – АУДАН ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ӨНДІРІС ҚУАТЫ – АУДАН ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
 
Жетісай ауданында өндіріс орындарының жұмысын жандандыру, отандық өнім көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
 
Бүгін аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Зерделі елді мекенінде орналасқан «Мақтаарал-қыш» зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын құрылтайшысы Нұрдулла Қалисаевпен кездесіп, өндірістің қазіргі жағдайы, өнім сапасы мен оның нарықтағы сатылу бағасы, сондай-ақ, кәсіпорынның алдағы даму мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
 
2017 жылы негізі қаланған зауыт бүгінде құрылыс саласына қажетті кірпіш өндірумен айналысады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 35 мың дана кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда 30
жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
 
Өндіріс орнының экономикалық әлеуеті де айтарлықтай. Кәсіпорынның айлық табысы 45 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл – жергілікті өндірістің аудан экономикасына қосып отырған үлесінің нақты көрінісі.
 
Кездесу барысында өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жаңа кәсіпорындар ашып, өндірістік бағыттарды кеңейту арқылы қосымша жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы атап өтілді.
 
Аудан әкімі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мен өндірісті дамыту – жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
 
Жергілікті кәсіпкерлердің өндірісті дамытуға деген ынтасы мен жаңа жобаларды қолға алуы Жетісай ауданында кәсіпкерліктің әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Ал, мұндай өндіріс орындарының көбеюі – аудан экономикасының нығаюына және тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына оң әсер ететіні сөзсіз.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1277581?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version