«Pacific Construction Group» Қазақстанды Орталық Азиядағы инвестициялар үшін негізгі алаң ретінде қарастырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығында бас консул Уәлихан Сәрсембековтің «Pacific Construction Group» компаниясының вице-президенті Цзян Вэйшэнмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстандағы инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу перспективаларын талқылады.
У.Сәрсембеков Қазақстанның құрылыс нысандарын салуға ғана қатысып қоймай,қаржы салуға, бірлескен кәсіпорындар құруға, өндірісті жергіліктендіруге және заманауи технологияларды енгізуге дайын ұзақ мерзімді қытайлық инвесторларды тартуға мүдделі екенін атап өтті.
Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде көлік және қалалық инфрақұрылым, логистика, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар, энергетика, су шаруашылығы, цифрлық инфрақұрылым, сондай-ақ жаңа Алатау қаласын дамыту мәселелері атап өтілді.
Цзян Вэйшэн «Pacific Construction Group» компаниясының Қазақстандағы бизнесін дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарлары туралы айтып, елімізді Орталық Азиядағы қызметін одан әрі кеңейту үшін өңірлік орталық ретінде қарастыратынын жеткізді.
Қытай тарапы сондай-ақ инвестициялық-құрылыс модельдерін қолдана отырып инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, өндірістік тізбектерді жергіліктендіруге және келешекте қытайлық кәсіпорындарды тарта отырып, Қазақстан-Қытай индустриялық паркін құруға қызығушылық білдірді.
Тараптар нақты инвестициялық ұсыныстарды одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.
Анықтама: «Pacific Construction Group» – 1986 жылы құрылған Қытайдың ірі жеке инфрақұрылымдық тобы. Компания автомобиль жолдарын, муниципалдық инфрақұрылымды, су шаруашылығы нысандарын, өнеркәсіптік және қалалық құрылысты қоса алғанда, инфрақұрылымдық нысандарға инвестиция салуға, оларды салуға, пайдалануға және басқаруға маманданған.
Топ көптеген жылдар бойы «Fortune Global 500» рейтингіне еніп келеді және Қытайдың түрлі өңірлерінде, сондай-ақ шетелде жобаларды жүзеге асырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-guangzhou/press/news/details/1277411?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version