Қала әкімі қаланы аралау барысында қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағына барып қайтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Саябақты аралау барысында аумақтың қазіргі жағдайы бағаланып, саябақты одан әрі абаттандыру және дамыту мәселелері талқыланды.

Аумақтыв аралау қорытындысы бойынша алдағы уақытта шешуді қажет ететін бірқатар бағыттар айқындалды:

  • аумақты жарықтандыруды тұрақты бақылауда ұстау;
  • ағаштарды суару және шөп шабу жұмыстарын жалғастыру;
  • келесі жылы құрғақ субұрқақ орнату мүмкіндігін қарастырып, оған қолайлы орынды анықтау;
  • балаларға арналған көлеңке түсіретін жаппалар орнату;
  • сахна орнату жөніндегі ұсыныстарды қарастыру.

Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде.

2022–2025 жылдар аралығында саябаққа 11 790 түрлі ағаш-бұта көшеті — алма ағашы, мойыл, терек, қараағаш, шегіршін, ақ акация, қарақат және басқа да түрлер отырғызылды.

Ағаштарды суару, жасыл желектерге күтім жасау және аумақты күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Саябақты абаттандыру және дамыту жұмыстары өз жалғасын табады. Басты мақсат — тұрғындар үшін саябақты одан әрі жайлы, таза әрі көрікті қоғамдық кеңістікке айналдыру.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1278225?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version