ҚАЗАЛЫДА СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Салтанатты шарада ауданның спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының және аудан әкімі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасып, ардагер спортшыларға мерекелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, Қазыналы ауданның спортшылары әлемдік додалар мен ел біріншіліктерінде әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің атын әлемге танытуда. Бүгінде халықаралық аренада көк туымызды көкке көтерген қазалылық спортшылар жыл басынан бері Халықаралық турнирлерде 11 алтын, 16 күміс, 8 қола медальдарын иеленсе, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 14 алтын, 19 күміс, 27 қола медаль иеленді. Өткен жылы Хорватия астанасы Загреб қаласында ересектер арасындағы грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали көк туымызды көкке көтеріп, халқымызға тарихи алтын медаль сыйлады. Биыл шілде айында Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Толыбай Зарина алтын медалін жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. Наурыз айында Тараз қаласында қол күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қашмұрат Дәурен, Спасов Игорь алтын медаль иеленсе, Ибрашов Әділбек қола медаль иеленіп Азия чемпионатына жолдама алды. Қырғызстан Республикасында маусым айында қол күрестен өткен Азия чемпионатында Қашмұрат Дәурен жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-birlik/press/news/details/1278201?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version