Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай және «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбай Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «ZHASTAR FEST – 2026» мерекелік фестиваліне қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 тамыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай және «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбай Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «ZHASTAR FEST – 2026» мерекелік фестиваліне қатысты.

Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған фестиваль жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара аясында «Жастардың құқықтары және құқықтық мәдениет» тақырыбына назар аударылып, жастардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін білуі, құқықтарын қорғау тетіктері және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Фестиваль барысында қоғамдық өмірге белсенді араласып, түрлі бастамаларға үлес қосып жүрген жастардың еңбегі атап өтіліп, оларға Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қала жастарына көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, фестиваль жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларымен бөлісуіне және тың бастамаларға серпін беруіне мүмкіндік туғызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278008?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version