2026 жылғы 13 тамыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 56 мекеме» РММ-не барды.
Бару барысында ұсталып отырған азаматтардың құқықтарының сақталуы, ұстау жағдайлары, медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі, санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуы, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы назарға алынды.
Сонымен қатар, мекеме басшылығымен кездесу өткізіліп, адам құқықтарын қорғау, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында мекемеде ұсталатын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, олардың қадір-қасиетіне құрметпен қарау және белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1278013?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау