Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттыруға бағытталған техникалық оқу өткізілді.
Департамент басшысы Мұрат Асқарұлы Оразбайдың төрағалығымен өткен іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шараға сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Заң басқармасының басшысы Асет Болатұлы Омаров шақырылды.
Оқу барысында Департамент қызметінде заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері қаралды. Күнделікті жұмыс барысында қызметкерлерде туындайтын және шешім қабылдау кезінде бірыңғай тәсілді талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарауға, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік органның құзыреті шегінде жедел әрі объективті әрекет ету, толыққанды түсіндірмелер беру және нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Қаралған мәселелер Департаменттің алдағы жұмысы үшін тәжірибелік маңызға ие және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес азаматтармен ашық, қолжетімді әрі тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1278257?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау