Құрметті шекарашылар мен ардагерлер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді Лепсі ауылдық округі әкімдігінің атынан және жеке өз атымнан кәсіби мерекелеріңіз — Шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Лепсі өңірі — тарихы бай, шекарасы берік туған өлкеміз. Мемлекеттік шекарамыздың қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қамтамасыз етуде сіздердің атқарып жатқан қызметтеріңіздің орны бөлек. Қырағылық пен батылдықты, Отанға деген шексіз адалдықты талап ететін бұл мәртебелі міндетті сіздер жоғары деңгейде атқарып келесіздер.

Еліміздің туын биік ұстап, туған жердің әрбір сүйемін қорғап жүрген қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіремін.

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен ашық аспан тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1277870?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version