Қызметтік тәртіп пен психологиялық жауапкершілік — кәсіби қызметтің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының жеке құрамына «Қызметтік тәртіп және психологиялық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара жеке құрам арасында қызметтік тәртіпті нығайтуға, қызметкерлердің психологиялық жауапкершілігін арттыруға және қызметтік міндеттерін сапалы орындауға бағытталды.

Дәріс барысында қызметтік тәртіп талаптарын сақтау, кәсіби жауапкершілік пен мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге олардың сабырлылығы, мұқияттылығы және өз эмоцияларын басқара білуі жұмыс тиімділігіне және азаматтардың полицияға деген сеніміне тікелей әсер ететіні түсіндірілді.

«Қызметтік тәртіп — белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтау ғана емес, әрбір қызметкердің өз іс-әрекеті мен қабылдаған шешімдеріне деген ішкі жауапкершілігі. Күрделі жағдайларда сабыр сақтап, эмоцияны бақылауда ұстап, тек заң аясында әрекет ету маңызды. Психологиялық тұрақтылық — полиция қызметкерінің кәсібилігінің ажырамас бөлігі», — деп атап өтілді дәріс барысында.

Сонымен қатар эмоционалдық тұрақтылық пен психологиялық өзін-өзі бақылау мәселелері қарастырылды. Қызметкерлер күйзеліс пен жанжалды жағдайларда өз мінез-құлқын басқару тәсілдерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде әрбір шешімге байыппен қараудың маңыздылығын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1278099?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version