БҮГІН, 20 тамызда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі ZOOM режимінде Қарағанды облысындағы стоматологиялық ұйымдардың және қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына арналған «Стоматологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу» және «Стоматологиялық қызмет көрсететін объектілердегі өндірістік бақылау» тақырыптарында семинар-кеңес ұйымдастырып, өткізді.
Семинар-кеңесті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Айгерім Жылқыбаева ашты, ол өткізілетін семинардың мақсатымен және МККБИ бойынша жағдаймен таныстырды. Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Садықова сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды ағымдағы жылдың 7 айындағы Қарағанды облысының стоматологиялық ұйымдарындағы медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МККБИ) бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы өткізу мәселелерімен таныстырды.
Стоматологиялық ұйымдардағы барлық проблемалық мәселелер талқыланып, МККБИ-дің алдын алу және оған жол бермеу үшін қажетті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1277422?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау