Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру және еңбек жағдайын жақсарту бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді.

Атап айтқанда, соңғы 2,5 жылда егістікті суару үшін су беру қызметін көрсететін «Қазсушар» РМК мамандарының жалақысы орта есеппен екі есеге артты. 2024 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жалақы тағы 35-50%-ға, ал 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 15%-ға көтерілді.

Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы 326 мың теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 212 мың теңгеге дейін өсті.

«Сонымен қатар қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары да енгізіліп жатыр. Мәселен, 2024 жылы су шаруашылығы мамандықтары алғаш рет «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Ал былтыр «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпорынға 576 жаңа техника берілді. Бұдан бөлек, тарифтік қаражат есебінен тағы 135 техника сатып алынды. Бұл кәсіпорынның техника паркін 27%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Қазсушар» РМК-ның 435 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1277755?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version