ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ: МӘСЕЛЕ МЕН МҮМКІНДІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, көпшіліктің көкейіндегі мәселелерді шешуге бағытталған «Ашық есік күні» акциясы Төлеби ауданында жалғасын тапты.
 
Акция аясында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, жауапты сала басшыларына тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Жеке қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, жер қатынастары, жеке қосалқы шаруашылық және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштер айтылды.
 
Қабылдау барысында әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлім басшылары көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды шешудің нақты жолдарын айқындады.
 
«Ашық есік күні» – халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
 
Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету – халыққа қызмет етудің басты қағидаларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1277391?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version