Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты, ел болашағын қалыптастыратын ең маңызды тұлғалардың бірі. Себебі әрбір білімді, саналы, отаншыл әрі еңбекқор азаматтың қалыптасуында ұстаздың еңбегі мен тәрбиесінің орны ерекше. Ұстаз тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, жауапкершілік, патриоттық сезім мен ұлттық құндылықтарды сіңіреді.
Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан сапалы білім мен тағылымды тәрбиеге басымдық беру – баршамызға ортақ міндет. Мектеп, ата-ана және қоғам бірлесе жұмыс істегенде ғана жан-жақты дамыған, ойы озық, елжанды азаматтарды тәрбиелей аламыз
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1277957?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау